«Ақ желкен» аула клубы МКҚК 2009 жылдың 22 маусымынан бастап өз қызметін жоспарлы түрде атқарып келеді. Негізгі мекеме болып Бекқұл баба тұрғын алабы, Центральная 19 болып, ал филиалы Авиатор 50А мекемесі болып табылады. «Ақ желкен» аула клубы МКҚК балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыратын және өскелең жас ұрпақты шығармашылыққа баулитын  бірден – бір  қосымша білім беретін мекеме. Қазіргі уақытта «Ақ  желкен» аула клубы 5 бағытта қызмет атқарады: эстетикалық, спорттық, гуманитарлық, жаратылыстану, экологиялық. Үйірме сабақтары қала мектеп базаларында және мекеме ішінде  өткізіледі. Үйірмелер қазақ және орыс тілдерінде, ақысыз түрде өтеді.

«Ақ желкен» аула клубы әкімшілігі Ақтөбе қаласының әкімдігімен Ақтөбе қаласы білім бөлімімен бірлескен жұмыс жоспары негізінде іс-шаралар жоспарлы түрде өткізіледі.

Аула клубымыздың тәрбиеленушілері қалалық және облыстық, республикалық, халықаралық  фестивальдар мен байқауларға, көрмелерге белсенді қатысады.

Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын насихаттау, жас ұрпақтың адамгершілік және патриоттық тәрбиесіне  және бос уақыттық  қызметін дұрыс ұйымдастыру мақсатында жұмыстар жүргізіледі.

Білім беру мекемесінің қызметкерлері қала және облыс мектептерінің оқушыларымен, қосымша білім беру мекемелерінің білім алушыларымен, мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері арасында әртүрлі қалалық, облыстық байқаулар ұйымдастырып өткізіледі.

Педагогтердің шығармашылық шеберліктерін шыңдау,  кәсіби потенциалын кеңейту  және тәжірибе алмасу мақсатында  қосымша білім беру  педагогтері дәстүрлі  өткізілетін қалалық, облыстық, республикалық  және халықаралық байқаулар мен жарыстарға белсене қатысып, жүлдегерлер атануда.

Осы аталған мекеменің филиалы Ақтөбе қаласының Авиақалашық ауданында 2021 жылдың тамыз айында өз жұмысын бастады. Бұл филиалда 550 оқушы, ал негізгі филиалда 605 оқушы, мектеп базасында 199 оқушы, жалпы  1354 оқушы білім алуда.