5 маусым күні Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі мен «Қос Аққу» Әлия Маншук спорттық патриоттық клубымен бірлескен кіші жасөспірімдер арасындағы алғашқы қала біріншілігінің облыстық спорттық іс-шара өтті.

Жарыстың мақсаты: КСРО спорт шебері Шатыбаев Манарбек Өмірзақұлының спорттағы жетістіктерің дәріптеу және өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

Жастар арсында салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдануға ынталандыру және өз-ара достық қарым –қатынасты нығайту;

Қалада еркін күресті кеңінен дамыту.